Абай облысында қалалар мен аудандардың мәслихат төрағалары, сондай-ақ экономикалық мәселелер бойынша тұрақты комиссия төрағаларының қатысуымен семинар-тренинг ұйымдастырылды.
Шараны облыстық мәслихат депутаты, тұрақты комиссия төрағасы Уәлихан Майжанов ашып, құттықтау сөз сөйледі. Ол семинардың еліміздің тұрақты экономикалық дамуын қамтамасыз етудегі маңыздылығына тоқталып, депутаттардың өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына қосар үлесін атап өтті.
Семинар-тренинг ҚР Ұлттық экономика министрлігі, «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ, БҰҰ Даму бағдарламасы және Абай облысы мәслихаты аппаратының бірлесуімен өтті.
Басқосу барысында Тұрақты даму мақсаттарын аймақтық деңгейде жүзеге асырудың тиімді жолдары талқыланып, қатысушылар стратегиялық жоспарлау үдерісінде қолдануға болатын жаңа білім мен тәжірибелік құралдарға қол жеткізді.