Бүгін Абай облысында Астана қаласы, Абай, Атырау, Жетісу, Қызылорд, Батыс және Шығыс Қазақстан облыстарының тексеру комиссияларының төрағаларының қатысуымен семинар-кеңес өтуде.
Іс-шараны Абай облысы мәслихатының төрағасы Шалқар Байбеков ашып, бұл басқосудың мемлекеттік аудит пен қаржылық бақылау саласындағы тәжірибе алмасудың, өзекті мәселелерді талқылаудың маңызды алаңы екендігіне тоқталды.
Кеңес барысында: жобалық-сметалық құжаттамаларды сараптау, 2025 жылы жүргізілген аудиттің қорытындылары, тәуекелдерді басқару жүйесі мен ақпараттық жүйелердің жұмысы, өңірлік бақылау органдарының үйлесімді қызметін қамтамасыз ету, АҚШ мемлекеттік аудит органдарының тәжірибесі талқыланды.
Семинар-кеңес барысында талқыланған мәселелер - сыбайлас жемқорлық қатерлерін азайтуға және халықтың игілігі үшін қаражатты тиімді пайдалануға септігін тигізуді көздейді.