Абай облысында Конституцияның 30 жылдығына арналған халықаралық конференция өтті.

Абай облысында Конституцияның 30 жылдығына арналған халықаралық конференция өтті.

Абай облысының Әділет департаментінің ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығына арналған «Азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғау» тақырыбындағы халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.

Іс-шараға Қазақстан Республикасының Әділет министрі Ерлан Жақсылықұлы Сарсембаев, Конституциялық Сот төрағасының орынбасары Бақыт Маратұлы Нұрмұханов, Абай облысының әкімі Берік Уәли, Абай облыстық мәслихатының төрағасы Байбеков Шалқар Заманбекұлы, сондай-ақ құқық қорғау органдарының, жоғарғы оқу орындарының басшылары, депутаттар мен заңгерлер қатысты.

Конференция барысында Өзбекстан және еліміздің жетекші заңгер-ғалымдары баяндама жасап, Конституцияның қоғам өміріндегі рөлі мен азаматтардың құқықтарын қорғаудағы маңызы жан-жақты талқыланды.

Мұндай ғылыми-тәжірибелік басқосулар заң үстемдігін қамтамасыз етуге, қоғамдағы әділеттілікті нығайтуға және азаматтардың құқықтарын қорғау мәдениетін қалыптастыруға зор ықпал етері сөзсіз.