Музей қонағы – мәслихат төрағалары

Музей қонағы – мәслихат төрағалары

Облысқа қонаққа келген мәслихат төрағалары Семей қаласындағы «Алаш арыстары – Мұхтар Әуезов» музейіне барды.

Аталған музей Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық қорық-музейінің бөлімі.

Қонақтар музейдің тыныс-тіршілігімен танысып,
тақырыптық-экспозициялық залдарды аралады.

Экскурсия барысында меймандар тарихи деректерге қатысты пікір алмасты.

Маңғыстау облыстық мәслихатының төрағасы Жаңбырбай Матаев
және Алматы облыстық мәслихатының төрағасы Қуат Байғоджаев:
- Құрметті Алаш мұражайының ұжымы!
Ұлтымыздың ұлы тұлғалары – Алаш арыстарының асыл мұрасын жинақтап, келер ұрпаққа насихаттап отырған сіздердің еңбектеріңіз ұшан-теңіз. Бұл мұражай — тек өткенді еске алатын орын ғана емес,
болашаққа бағыт көрсететін, рух беретін қасиетті мекен.

Сіздерге шығармашылық табыс, қажымас қайрат, халықтың алғысы мен ыстық ықыласын тілейміз! Мұражай жұмысы жылдан-жылға жанданып, Алаш идеясы мәңгілік елдің іргетасына айнала берсін, - деген лебіздерін білдірді.