Семейде «Abai akademiasy» энциклопедиялық порталы таныстырылды

Семейде «Abai akademiasy» энциклопедиялық порталы таныстырылды

Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына арналған онкүндік мерейтойлық шаралар Абай облысында ресми түрде бастау алды.

Бүгін Семейдегі Мұхтар Әуезов атындағы педагогикалық колледждің «Ес-Аймақ» рухани орталығында «Abai akademiasy» энциклопедиялық порталының тұсаукесері өтті.

Іс-шараға облыс әкімі Берік Уәли, мәслихат төрағасы Шалқар Байбеков, абайтанушы ғалымдар мен зиялы қауым өкілдері қатысты.

Портал Абай мұрасын заманауи форматта ұсынатын ғылыми-танымдық платформа ретінде таныстырылды. Онда ақынның әдеби, ғылыми, публицистикалық еңбектері мен архивтік деректер, бейнематериалдар топтастырылған.

Сондай-ақ онкүндік аясында этноауыл көрмесі, Аңсаған Мұстафаның авторлық экспозициясы және мерейтойлық гала-концерт өтуде.