ІІ «Senat Open Cup – 2025» турнирінің жартылай финалы өз мәресіне жетті

ІІ «Senat Open Cup – 2025» турнирінің жартылай финалы өз мәресіне жетті

Абай облысында шахматтан ІІ «Senat Open Cup – 2025» ашық кубогінің жартылай финалдық кезеңі аяқталды.

Ауқымды интеллектуалдық сайысқа Астана қаласы, Абай, Қарағанды және Ұлытау облыстарында өткізілген іріктеу кезеңдерінің жеңімпаздары – 120 үздік шахматшы қатысты.

Олардың қатарында әр өңірдің мәслихат депутаттары, ардагерлер, мемлекеттік қызметшілер, қоғамдық кеңес мүшелері, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері және қоғам белсенділері бар.

♟️ Финалға 38 шахматшы жолдама алды. Ақтық мәре
тамыз айында Астана қаласында өтеді деп жоспарланған.

🏅 Жекелеген номинациялар бойынша үздіктер:
• Ардагерлер арасында — Арыстан Оразбеков
• Әйелдер арасында — Зинабхан Божгулова
• Мемлекеттік қызметшілер арасында — Сержан Сейтеш
• БАҚ өкілдері арасында — Бекарыс Жандаулет
• Қоғамдық кеңес мүшелері арасында — Мади Усманов
• Депутаттар арасында — Бекмұрат Ағзамов

🔹 Айрықша ұйымшылдық пен жоғары дайындық көрсеткен Астана қаласының командасына “Айрықша күміс белгі” төсбелгісі табысталды.

🎖️ Шара аясында Абай облысы мәслихатының төрағасы Шалқар Байбеков пен Қарағанды облысы мәслихатының төрағасы Нұркен Қобжанов Қазақстан шахмат федерациясының «II дәрежелі үздік белгісімен» марапатталды.