Семейде шахматтан II «Senat Open Cup – 2025» ашық кубогінің жартылай финалы өтуде

Семейде шахматтан II «Senat Open Cup – 2025» ашық кубогінің жартылай финалы өтуде

Турнирге іріктеу турларынан үздік шыққан Астана қаласы мен Абай, Қарағанды және Ұлытау өңірлерінен облыстық кезең қорытындысы бойынша іріктелген 120 ойыншы қатысуда.

👥 Қатысушылар қатарында мәслихат депутаттары, ардагерлер, мемлекеттік қызметшілер, қоғамдық кеңес мүшелері мен БАҚ өкілдері бар.

Еске салсақ, ауқымды турнир Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты мен Қазақстан шахмат федерациясының бастамасымен өткізілуде.
Аймақтағы жарысты ұйымдастырушылар – Абай облысы мәслихаты мен «Абай облысының шахмат федерациясы» қоғамдық бірлестігі.

Ашық кубоктің ашылу салтанатында облыстық мәслихат төрағасы Шалқар Байбеков сөз сөйлеп, жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі.

Жартылай финал швейцариялық жүйе бойынша 9 турдан тұрады.
Алғашқы күнгі ойындардың қорытындысы бойынша үздік ойыншылар анықталып, финалға жолдама алады.

🏆 Жартылай финалдан сүрінбей өткен қатысушылар 2025 жылдың тамыз айында Астана қаласында өтетін финалдық кезеңге қатысу мүмкіндігіне ие болады.