Абай облыстық мәслихатының XXVIII кезекті сессиясы өтті.

Абай облыстық мәслихатының XXVIII кезекті сессиясы өтті.

Сессияға облыс әкімі Берік Уәли, тексеру комиссиясының төрағасы, басқарма басшылары мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Күн тәртібінде облыс әкімінің өзіне жүктелген функциялар мен міндеттерің орындалуы жөніндегі, 2024 жылғы бюджеттің атқарылуы туралы есептер тыңдалып, күн тәртібіне сәйкес өзге де мәселелер қаралды.

Облыс әкімі өңірлік жалпы өнімнің өсімі, инженерлік және әлеуметтік инфрақұрылымды жаңғырту, білім беру мен денсаулық сақтау нысандарын салу, жаңа инвестициялық жобаларды іске асыру бағытындағы жұмыстарға тоқталды. Сонымен қатар, проблемалық сұрақтар мен оларды шешуге бағытталған нақты шаралар айтылды.

Сессия барысында депутаттар күн тәртібіндегі мәселелерге қатысты сауалдарын қойып, ұсыныстарын ортаға салды.