Абай облысының Қоғамдық кеңесін қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының мүшелерін іріктеу бойынша конкурсқа байқаушылардың тізімін қалыптастыру жөнінде хабарландыру

Абай облысының Қоғамдық кеңесін қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының мүшелерін іріктеу бойынша конкурсқа байқаушылардың тізімін қалыптастыру жөнінде  хабарландыру

2025 жылдың 11 тамызында Абай облысының Қоғамдық кеңесінің өкілеттік мерзімінің аяқталуына байланысты Абай облысының мәслихаты Абай облысының Қоғамдық кеңесін қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының мүшелерін іріктеу бойынша конкурсқа байқаушылардың тізімін қалыптастырады.

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің м.а. 2025 жылғы 28 наурыздағы № 112-НҚ «Қоғамдық кеңес туралы үлгілік ережені бекіту туралы» бұйрығына сәйкес (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2025 жылғы 28 наурызда № 35869 болып тіркелген) (бұдан әрі-Үлгілік ереже) Қазақстан Республикасының азаматтары, үкіметтік емес ұйымдардың, бұқаралық ақпарат құралдарының, мемлекеттік органдардың, халықаралық ұйымдардың өкілдері болып табылатын дауыс беру құқығы жоқ байқаушылар жұмыс тобының отырыстарына қатысуға жіберіледі.

Қоғамдық кеңесті қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының мүшелерін іріктеу жөніндегі конкурсқа байқаушы ретінде қатысуға ниет білдіруші Үлгілік ереженің 2-қосымшасына сәйкес Семей қаласы, Қайым Мұхамедханов көшесі, 8 үй, 206 кабинет «Абай облысы мәслихатының аппараты» ММ-не немесе abai.oblmaslihat@yandex.kz электрондық поштасына өтінім жолдайды.

Өтінімді қабылдау 2025 жылдың  9 маусымынан 2025 жылдың 16 маусымына дейін, жұмыс күндері сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін жүргізіледі, түскі үзіліс сағат 13:00-ден 14:30-ға дейін.  

Жауапты тұлғалар: Берікбекова Толқын Берікбекқызы, байланыс номері: +7 705 521 36 76,  Мухамедкан Ерхат Сарманулы,  байланыс номері:  +7 777 748 84 30.