Абай облысының Қоғамдық кеңесін қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының мүшелерін іріктеу бойынша конкурс өткізу туралы хабарландыру

Абай облысының Қоғамдық кеңесін қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының мүшелерін іріктеу бойынша конкурс өткізу туралы хабарландыру

2025 жылғы 11 тамызда Абай облысының Қоғамдық кеңесінің өкілеттік мерзімінің аяқталуына байланысты Абай облысының мәслихаты Абай облысының Қоғамдық кеңесін қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының мүшелерін іріктеу бойынша конкурс жариялайды.

Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрінің м.а.
2025 жылғы 28 наурыздағы № 112-НҚ «Қоғамдық кеңес туралы үлгілік ережені бекіту туралы» бұйрығына сәйкес (Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2025 жылғы 28 наурызда № 35869 болып тіркелген) (бұдан әрі – Үлгілік ереже) жұмыс тобы квазимемлекеттік субъектілердің мемлекеттік органдарының өкілдері қатарынан қалыптастырылады және конкурстық негізде коммерциялық емес ұйымдардың, азаматтардың өкілдерінен тұрады.

Сандық құрамы:

Мемлекеттік органның өкілдігі жұмыс тобының 2 мүшесін құрайды (осы өкілдіктің дербес құрамын мемлекеттік органның басшысы дербес айқындайды);

Азаматтық қоғамнан өкілдік жұмыс тобының 5 мүшесін құрайды (Үлгілік ережеге сәйкес коммерциялық емес ұйымдар мен азаматтардың ұсыныстары негізінде қалыптастырылады). 

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар, коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері жұмыс тобының мүшелерін іріктеу жөніндегі конкурс өткізу туралы хабарландыру орналастырылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қолма-қол береді немесе хабарландыруда көрсетілген мемлекеттік органның электрондық мекенжайына мынадай құжаттарды жібереді:

1) Үлгілік ережеге 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша коммерциялық емес ұйымның жазбаша ұсынысы және (немесе) азаматтың жұмыс тобының құрамына кандидатура ұсыну туралы өтініші;

2) кандидаттың өмірбаяндық деректерді көрсете отырып, кәсіптік және (немесе) қоғамдық қызметі туралы мәліметтер;

3) соттылығының болуы не болмауы туралы анықтама;

4) психикалық, мінез-құлық бұзылыстарының (ауруларының), оның ішінде психоактивті заттарды пайдаланумен байланысты бұзылулардың болуы не болмауы туралы анықтама;

5) кандидаттың дербес деректерін жинауға, өңдеуге, таратуға және жариялауға келісім береді.

Жұмыс тобының мүшелігіне кандидат 3) және 4) тармақшаларда көзделген анықтамаларды дербес ұсынады, немесе мемлекеттік органға ақпараттық жүйелерден көрсетілген анықтамаларды қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге талап ету үшін, Қазақстан Республикасы «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Заңының 8-бабына сәйкес, жазбаша келісім арқылы ұсынады.

 

 

Жұмыс тобы мен Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидатқа Қазақстан Республикасы «Қоғамдық кеңестер туралы» Заңының 10-бабына сәйкес:

1) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жойылмаған немесе алынбаған сотталғандығы болмауы;

2) сот заңда белгіленген тәртіппен сыбайлас жемқорлық қылмыс және (немесе) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауда кінәлі деп танымаған болуы;

3) психикалық, мінез-құлықтық, оның ішінде психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты бұзылушылықтардың (аурулардың) себебі бойынша психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсететін ұйымдарда есепте тұрмауы қажет. Жұмыс тобының құрамына мүшелерді іріктеу коммерциялық емес ұйымдардан және ашық дауыс беруге қатысатын азаматтардан жұмыс тобының мүшелігіне кандидаттардың көпшілік дауысымен жүзеге асырылады.

Коммерциялық емес ұйымнан Кандидат, азамат өз кандидатурасы үшін дауыс беруге қатыспайды.

Жұмыс тобы келесіні жүзеге асырады:

1) халықты Қоғамдық кеңестің мүшелерін сайлау жөніндегі конкурс туралы хабардар етеді;

2) бірінші отырыста Қоғамдық кеңес мүшелерінің сандық құрамын анықтайды;

3) Қоғамдық кеңес мүшелерін сайлау рәсімін жүргізеді;

4) Қоғамдық кеңеске кандидаттардың резервтік тізімін қалыптастырады;

5) Қоғамдық кеңес туралы үлгі ережеге негізделген Қоғамдық кеңес туралы ереже жобасын әзірлейді.

 

Құжаттарды қабылдау 2025 жылғы  9 маусымнан 2025 жылдың 16 маусымына дейін сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін жұмыс күндері жүргізіледі. Түскі үзіліс сағат 13:00-ден 14:30-ға дейін.

Құжаттар Семей қаласы, Қайым Мұхамедханов көшесі, 8 үй, 206 кабинет «Абай облысы мәслихатының аппараты» ММ-не қағаз жүзінде табысталады немесе abai.oblmaslihat@yandex.kz электрондық поштасына жолданады.

Жауапты тұлғалар: Берікбекова Толқын Берікбекқызы, байланыс номері: +7 705 521 36 76,  Мухамедкан Ерхат Сарманулы,  байланыс номері:  +7 777 748 84 30.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                   

Қоғамдық кеңес туралы

үлгілік ережеге

1-қосымша

  Нысан

 

 

Абай облысы мәслихатының

төрағасы Ш.З.Байбековке

__________________________

тұратын

(елді мекен, көше, үй, пәтер,

байланыс телефоны,

электрондық пошта мекенжайы)

кімнен_________________

__________________________

(өтініш берушінің аты-жөні,тегі

(бар болған жағдайда),

жеке куәлік №,берілді (қашан, кім))

 

 

Өтініш

 

Қоғамдық кеңесті қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының құрамына енгізу үшін өз кандидатурамды ұсынамын.

Мен осы өтініш арқылы «Қоғамдық кеңестер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының ережелерімен танысқанымды растаймын және оның талаптарын сақтауға міндеттенемін.

 

      Мынадай құжаттарды қоса беремін:

      1) ________________________________________________________

      2) ________________________________________________________

      3) ________________________________________________________

      4) ________________________________________________________

      5) ________________________________________________________

      6) ________________________________________________________

      7) ________________________________________________________

 

        Жұмыс тобының құрамына енгізу үшін «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес дербес деректерімді жинауға және өңдеуге келісімімді беремін.

 

20___ жылғы «____»   Өтініш берушінің қолы ___________