Абай облысы мәслихатының төрағасы Шалқар Байбеков пен облыс әкімінің бірінші орынбасары Ербол Садыр бастаған делегация Қытайдың Үрімші қаласында жұмыс сапарымен барды.
Делегация мүшелері Қытайдың ірі фармацевтикалық кәсіпорны – «Индуолань» зауытын аралап, дәрі-дәрмек өндірісінің заманауи технологияларымен және сапа бақылау жүйесімен танысты.
Сапар қорытындысында Семей қаласында фармацевтикалық зауыт салу жөнінде өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.
Жоба өңірде заманауи дәрі-дәрмек өндірісін жолға қойып, жаңа жұмыс орындарын ашуға және халықты сапалы, қолжетімді препараттармен қамтуға мүмкіндік береді.