Абай облысы мәслихатының бірінші ұйымдастыру сессиясы

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ

АБАЙ ОБЛЫСЫ

МӘСЛИХАТЫ

 

РЕСПУБЛИКА КАЗАХСТАН

МАСЛИХАТ

 ОБЛАСТИ АБАЙ

 

 

ШЕШІМ

 

 

РЕШЕНИЕ

 

2022 жылғы 8 маусымдағы                                              № 1/1-VII

Семей қаласы                                                                   город Семей


Жетінші шақырылған Абай облысы мәслихатының 
бірінші сессиясының күн тәртібін бекіту туралы

 Қазақстан Республикасыны4 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 19-бабының
3-тармағының 1) тармақшасына сәйкес, Абай облысы мәслихаты ШЕШТІ:

Абай облысы мәслихатының бірінші ұйымдастыру сессиясының келесі күн тәртібі бекітілсін:

  1. Жетінші шақырылған Абай облысы мәслихатының хатшысын сайлау туралы.
  2. Жетінші шақырылған Абай облысы мәслихатының тұрақты комиссияларын құру туралы.
  3. Жетінші шақырылған Абай облысы мәслихатының тұрақты комиссияларының мүшелерін сайлау туралы.
  4. Жетінші шақырылған Абай облысы мәслихатының тұрақты комиссияларының төрағаларын сайлау туралы.
  5. Абай облысы мәслихатының регламентін бекіту туралы.
  6. «Абай облысы мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы.
  7. «Абай облысы мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штаттары туралы.

Абай облысы мәслихатының 

хатшысы                                                                        К.Сулейменов

 

 

 

 

 

Сессия күн тәртібі
Дата публикации
08 июня 2022