
Аудандық семинар – тәжірибе мен инновация тоғысында
Қарой негізгі орта мектебінде «Физика пәнінде дифференциалды тапсырмалар жасау кезінде жасанды интеллект қолдану» тақырыбында аудандық семинар өтті.
🎯 Семинардың мақсаты – физика пәнін оқытуда заманауи педагогикалық технологиялар мен инновациялық әдіс-тәсілдерді тиімді пайдалану арқылы білім алушылардың функционалдық сауаттылығын, шығармашылық қабілетін және сыни ойлау дағдыларын дамыту.
Семинар аясында физика пәнінен «Дыбыс. Дыбыс сипаттамалары» тақырыбында тілдік кіріктіру арқылы ашық сабақ өткізілді. Теория мен практиканың өзара байланысы көрсетіліп, практикалық бөлім медицина, биология және география пәндерімен ықпалдастырыла ұйымдастырылды.
Қонақтар «Шаршаудан шабытқа» атты арт-терапияға қатысып, мектептің «Жүз бала» жобасы аясында атқарылып жатқан жұмыстармен танысты.
🎶 Семинар соңы мектеп оқушыларының «Ұлы дала ұланымыз» атты шағын концертімен қорытындыланып, қатысушылар тарапынан мазмұнды кері байланыс берілді.
✨ Аталған шара педагогтерді жаңа ізденістерге жетелеп, кәсіби даму жолында алға қадам жасауға серпін берді.
https://www.instagram.com/reel/DU3hC5nCIJO/?utm_source=ig_web_copy_link