«Oi-Sandyq» зияткерлік байқауы

«Oi-Sandyq» зияткерлік байқауы

2026 жылдың 11 ақпан күні облысымызда Назарбаев Зияткерлік мектебінің базасында ШҚО білім басқармасының «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы ZERDELI ақыл-ойды дамыту орталығымен бірлесіп, жалпы орта білім беретін мектептердің қазақ тілі мен әдебиеті, математика пәні мұғалімдерінің қатысуымен оқу және математикалық сауаттылыққа негізделген «Oi-Sandyq» зияткерлік байқауын өткізді.

Байқау барысында әр педагогтің кәсіби шеберлігі мен зияткерлік әлеуетін айқындайтын тапсырмалар ұсынылды. Қатысушылар білім мен біліктілікті, логикалық ойлау қабілетін талап ететін кезеңдік тапсырмаларды орындап, жұптық және топтық форматта бақ сынасты.

🔹 Марқакөл ауданынан 10 мұғалім команда болып қатысып, аудан намысын қорғап қайтты.

Осындай мазмұнды шаралар ұстаздардың кәсіби дамуына серпін беріп, тәжірибе алмасуына зор мүмкіндік туғызады.