Оқушылардың құқықтарын қорғау, кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу, буллинг пен зорлық-зомбылықтың профилактикасы.

Оқушылардың құқықтарын қорғау, кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу, буллинг пен зорлық-зомбылықтың профилактикасы.

14.01.2026 жылы Білім бөлімінің ұйымдастыруымен аудан прокуроры мен полиция бөлімінің кәмелетке толмаған істер жөніндегі учаскелік полиция инспекторының қатысуымен мектептердің тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, педагог-психологтар және әлеуметтік педагогтар арасында маңызды кездесу өтті.

Кездесу барысында оқушылардың құқықтарын қорғау, кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу, буллинг пен зорлық-зомбылықтың профилактикасы мәселелері талқыланды.

Мамандарға заң талаптары түсіндіріліп, нақты жағдайлар бойынша кеңестер берілді. Мұндай кездесулер білім беру ұйымдарында қауіпсіз әрі қолайлы орта қалыптастыруға бағытталған маңызды қадам болып табылады.