
Ұлы Абайдың 180 жылдығына арналған жеңіс!
Ұлы ағартушы, хакім Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойына орай ақын шығармашылығын дәріптеу, жас ұрпақтың әдебиетке деген сүйіспеншілігін арттыру және ұлттық рухани құндылықтарды насихаттау мақсатында “Үздік 100 дарынды оқушы” атты республикалық байқау өтті. 🇰🇿
Бұл байқауда “Игілік негізгі орта мектебінің” оқушылары:
Мейірбекұлы Рамазан
Сіләмханов Санжар
жоғары нәтиже көрсетіп, жеңімпаз атанды!
Оқушылардың жетістігіне бағыт-бағдар беріп, шабыт сыйлаған жетекшісі — Толубаева Әсем Окановнаға үлкен алғыс!
Білім мен өнерді ұштастырып, шығармашылық шыңнан көріне білген шәкірттерімізге жаңа табыстар мен шабыт тілейміз!