Марқакөл ауданы бойынша білім беру ұйымдарының
Халықаралық балаларды қорғау күнін мерекелеу шеңберінде 27 мамыр күні
“Балалар үні”
тақырыбында іс-шаралар өткізілді.
〽️Мақсаты: балалардың өздері үшін маңызды мәселелер туралы пікірін білдіру, оларды білім беру ортасы мен қалалық инфрақұрылымды жақсарту процесіне тарту, сондай-ақ интерактивті форматтар: көпшілік алдында сөйлеу, билік өкілдерімен диалог, шығармашылық конкурстар, тренингтер және цифрлық бастамалар арқылы белсенді азаматтық ұстанымды қалыптастыру үшін ашық платформа құру.
1) Жеке тұлғаның еркін дамуына мүмкіндік беру, өмірге деген құлшынысы мен ішкі сезімдерін ояту, нәтижелі және білгір ойлауға үлкен ізденіс беру мақсатында оқушыларға ашық алаң ұйымдастырылып, келесідей сұрақтарға жауап алынды: «Өз мектебіңде нені өзгерткің келеді? “Табысты оқушы”, “Білгір, ақылды оқушы” дегенді қалай түсінесің?» және т.б.
2) «Қазақстанның болашағы жастар қолында» тақырыбында эссе жазу өткізілді.
3) Балалардың шығармалышылық қабілеттерін дамыту, білім ордасына деген құрметін арттыру мақсатында «Арманымдағы мектеп» тақырыбында суреттер көрмесі ұйымдастырылды.
https://www.instagram.com/reel/DKKDuTzMKIz/?utm_source=ig_web_copy_link