Маңғыстауда студенттер арасында пәндік олимпиада өтті

Маңғыстауда студенттер арасында пәндік олимпиада өтті

17 мамыр күні Ақтау қаласындағы №28 жалпы білім беретін мектеп базасында техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының І-ІІ курс студенттеріне арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша облыстық студенттер олимпиадасы өтті, - деп хабарлайды Коғамдық коммуникация орталығы облыстық білім басқармасына сілтеме жасап.

Олимпиаданың мақсаты студенттердің жеке тұлға ретінде өзін-өзі қалыптастыруда шығармашылық қабілеттерін дамыту. Сонымен қатар, студенттердің теориялық білім мен практикалық дағдыларын тереңдетуіне ықпал ету, дарынды балаларды анықтауға жағдай жасау.

-Олимпиада қатысушыларына алғыс білдіреміз. Жеңімпаздарға және барлық қатысушыларға шығармашылық табыс және сәттілік тілейміз, - деді «Каспий дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығы директорының орынбасары Элеонора Медиева.

Білім додасына облысқа қарасты 23 колледжден 200-ден астам студент қатысып бағын сынады. Олимпиада қорытындысы бойынша жеңімпаздар Маңғыстау облысының білім басқармасының арнайы І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.