Баутино портында «Маңғыстау-1» кемесі суға түсірілді  

Баутино портында «Маңғыстау-1» кемесі суға түсірілді  

Түпқараған ауданына қарасты Баутино ауылында орналасқан «Саға Аташ» мекемесінде қуаттылығы 5000 тоннаға дейінгі пневматикалық кеме көтеру кешені іске қосылып, «Маңғыстау-1» кемесі суға түсірілді, деп хабарлайды Қоғамдық коммуникация орталығы аудан әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Іс-шараға Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Асқар Қаныбеков, аудан әкімі Ержан Күмісқалиев, мекеме өкілдері қатысты.   -Кеме жасау және жөндеу саласын дамыту — еліміз үшін стратегиялық маңызды мәселе болып табылады. Өйткені күн сайын теңіз арқылы мұнай тасымалы мен Қазақстан қайраңындағы мұнай өндіру көлемі ұлғайып келе жатқандықтан бұл қызметтерге деген сұраныс артуда. «Саға Аташ» кеме жасау және жөндеу зауыты базасында іске қосылған кешен барлық мемлекеттік және ұлттық компанияларға кемелерді жөндеу мен қызмет көрсету бойынша ішкі нарықта кешен қызметтерін пайдалануға мүмкіндік береді. Бұл өз кезегінде тек «Саға Аташ»-та ғана емес, сонымен қатар мердігер ұйымдарда да қосымша жұмыс орындарын құруға мүмкіндік береді және өңірдің дамуына оң әсер етеді. Бұл өз кезегінде саланың әлеуметтік ахуалына, атап айтқанда Түпқараған ауданына оң ықпалын тигізетіні сөзсіз, - дейді Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Асқар Қаныбеков. Салтанатты іс-шарада Каспий теңізінің секторында мұнай кен орындарын игеруге байланысты ұлттық компаниялардың кемелерді техникалық қызмет көрсету және жөндеу, сондай-ақ теңіз сүйреткіштері, баржалар, танкерлер, платформа тіректерін салу қажеттілігі талқыланды. Бұл жұмыстар бүгінде көбінесе шетелдік компаниялар мен шетелдік порттық ведомстволар арқылы жүзеге асырылып жатқаны айтылды.