
Қызылсай ауылында бұқаралық спортты дамыту және тұрғындар үшін қолайлы орта қалыптастыру мақсатында жоғарғы ауыл көшесі бойынан ашық спорт алаңы, воркаут және балалар ойын алаңының құрылысы басталды, деп хабарлайды Қоғамдық коммуникация орталығы әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Аталған нысанды салу жұмыстары «ИП Сүйегенова» мердігерлік мекемесімен жасалған келісімшарт негізінде жүзеге асырылуда. Қазіргі таңда алаңдарды орнату және абаттандыру жұмыстары жүргізілуде.
Жаңа нысанмен Жаңаөзен қаласының әкімі Жансейіт Қайнарбаев барып танысты. Қала әкімі құрылыс барысымен танысып, сапалы әрі уақтылы аяқталуы қажеттігін атап өтті.