Түпқараған ауданының коммуналдық қызметі жаңа техникамен толықты

Түпқараған ауданының коммуналдық қызметі жаңа техникамен толықты

Түпқараған аудандық су жүйесі мекемесіне көлемі 20 тонна болатын екі жаңа ассенизатор көлігі табысталды. Арнайы техникалар Баутино, Аташ және Форт-Шевченко елді мекендерінің тұрғындарына қызмет көрсететін болады.

Салтанатты шара барысында аудан әкімінің орынбасары Дидарбек Жантуаров сөз сөйлеп, коммуналдық қызметті жақсарту жұмыстарының кезең-кезеңімен жалғасатынын атап өтті.

- Біздің басты мақсатымыз – тұрғындардың сұранысын ескеріп, күнделікті тұрмысын жеңілдетуге жағдай жасау. Бүгін пайдалануға берілген арнайы техника – халық үшін маңызды көмек құралы. Бұл — бастаманың басы ғана. Алдағы уақытта да қажетті техникалармен қамту жалғасын табады, – деді Дидарбек Жантуаров.

Айта кету керек, бұған дейін аталмыш мекемеге 5 жаңа су тасымалдайтын көлік берілген болатын.