«Құрық – Жетібай» жолын жөндеу жұмысы биыл толық аяқталады

«Құрық – Жетібай» жолын жөндеу жұмысы биыл толық аяқталады

«Құрық – Жетібай» жолын жөндеу жұмысы биыл толық аяқталады

Маңғыстау облысында республикалық маңызы бар «Құрық – Жетібай» автомобиль жолын күрделі жөндеу биыл толық аяқталады. Жалпы ұзындығы 64 шақырым болатын жол учаскесін жаңғырту жұмыстары 2023 жылы басталған. 2024 жылы жолдың 40-64 шақырым аралығындағы бөлігі жөнделіп, пайдалануға берілді. Ал қалған 0-40 шақырым аралығындағы учаскені биыл жыл соңына дейін аяқтау көзделіп отыр. Аталған жобаның мердігері –«Ақ жол құрылыс» ЖШС. Бұдан бөлек, облыс аумағында аудандық маңыздағы «Шетпе-Қызан» автожолының 49-85 шақырым және 85-110 шақырым учаскесінің реконструкциясы, 60 шақырым «Шетпе – Жетібай» жолына орташа жөндеу және «Жыңғылды – Шайыр – Шерқала мекені» автомобиль жолын реконструкциялау жұмыстары жүргізілуде.