Еуроодақтың Қазақстандағы Өкілдігінің басшысы Маңғыстау өңірінің туристік әлеуетіне жоғары баға берді

Еуроодақтың Қазақстандағы Өкілдігінің басшысы Маңғыстау өңірінің туристік әлеуетіне жоғары баға берді

12 мамырда Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Аббат Өрісбаев Еуропалық Одақтың Қазақстан Республикасындағы Өкілдігінің басшысы Алешка Симкичпен кездесті.

Тараптар өңірде инвестициялық мүмкіндіктерді пайдалану, көлік-логистика және туризм салаларын дамыту, сондай-ақ Маңғыстау облысы мен Еуропалық Одақ елдері арасындағы экономикалық әріптестікті кеңейту мәселелерін талқылады.

Жиында Алешка Симкич Маңғыстау өңірінің туристік әлеуетінің жоғары екенін және көлік-логистикалық саласының қарқынды дамып келе жатқанын атап өтті.

Облыс әкімінің орынбасары Аббат Өрісбаев өз кезегінде Еуропалық Одақпен тығыз қарым-қатынас орнатып, бірлескен жобаларды жүзеге асыруға дайын екенін мәлімдеді. Оның айтуынша, бұл бағыттағы әріптестік өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына оң ықпал етпек.

Айта кетейік, Еуропалық Одақ елдері Маңғыстау облысының сыртқы сауда қатынастарында маңызды орын алады. 2025 жылдың алғашқы үш айының қорытындысы бойынша өзара сыртқы сауда айналымы 395,4 млн АҚШ долларын құраса, оның ішінде экспорт көлемі – 376,9 млн, импорт – 18,5 млн АҚШ долларын құрады.

Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі