Маңғыстау облысының әкімі «Мәңгілік алау» монументіне гүл шоқтарын қою рәсіміне қатысты

Маңғыстау облысының әкімі «Мәңгілік алау» монументіне гүл шоқтарын қою рәсіміне қатысты

Ақтауда 9 мамыр – Жеңістің 80 жылдығына арналған мерекелік шара «Мәңгілік алау» монументіне гүл шоқтарын қою рәсімінен басталды.
Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай тұрғындармен бірге ескерткішке тағзым етіп, қаза тапқан жауынгерлерді бір минут үнсіздікпен еске алды.

Шараға тыл және еңбек ардагерлері, ақсақалдар, облыс, қала мәслихатының депутаттары мен зиялы қауым өкілдері және қала тұрғындары қатысты.

Салтанатты рәсімнен кейін өңір басшысы Нұрдәулет Қилыбай Маңғыстау облысының Қорғаныс істері жөніндегі Департаменттегі «Жеңіс» саябағында Жеңіс күніне арналған мерекелік шараға қатысты. Жиналғандар әскери мұражайды аралап, сарбаздар ботқасынан дәм татты.

Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі