Ондыда Жеңістің 80 жылдығына арналған тағылымды шара өтті

Ондыда Жеңістің 80 жылдығына арналған тағылымды шара өтті

7 мамыр күні Онды ауылында Екінші дүниежүзілік соғыстың аяқталғанына 80 жыл толуына орай «Аталарға тағзым» атты еске алу шарасы өтті, - деп хабарлайды otpannews.kz.


Бұл іс-шара – майдан мен еңбек майданында жан аямай тер төккен, елге оралып, ұрпақ өсірген ардагер аталарға деген құрметтің айқын көрінісі болды.

Шара барысында ауыл орталығындағы саябақта Құран бағышталып, ескерткіштерге гүл шоқтары қойылды. Жастар мен тұрғындар ағаш отырғызып, бабалар рухына тағзым етті. Спорттық жарыстар – футбол, волейбол, веложарыс, арқан тартыс пен аламан бәйге ұйымдастырылып, жеңімпаздарға бағалы сыйлықтар табысталды.

Ас-садақа дастарханынан ауыл тұрғындары мен қонақтарға ас ұсынылып, ұйымдастырушыларға алғыс айтылды.

Сондай-ақ шара аясында қатысушылар мен ауыл ақсақалдары Онды, Қамысбай, Ноғайтөбе, Қойған, Махамбет, Оразалы, Ағашты, Кез, Әбді ахун Және Бердіқожа қауымдарына зиярат жасап, балалар рухына дұға бағыштады.


Кешкісін орталық алаңда өткен мерекелік концерт көпшіліктің көңілінен шығып, Жеңістің 80 жылдығына арналған отшашумен қорытындыланды.

Ауыл жұртының бұл игі ісі — өткенге тағзым, келешекке аманат. Аталар ерлігі мен еңбегін ұмытпай, ұрпақ санасына сіңіру — елдің рухын көтеріп, ұлттық бірегейлікті нығайтпақ.