Маңғыстау аудандық мәдениет үйінде аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімінің қолдауымен, «Өрлеу» МКҚК ұйымдастыруымен Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай «Отты күндер - ер есінде, жеңіс күндер - ел есінде» атты патриоттық әндер байқауы өтті. Байқаудың мақсаты - дарынды балалардың бойында Отанға деген сүйіспеншілікті қалыптастыру, қазақ өнері мен мәдениетінің дамуына ғұмырын арнаған өнер майталмандарының сара жолдарын қайта жаңғырту.
Байқауға барлығы 72 оқушы қатысты. Байқау ережесіне сәйкес оқушылар екі номинация, атап айтқанда топтық және жеке дауыс аталымы бойынша сынға түсіп, өнер көрсетті.
Қазылар алқасының шешімімен топтық номинациясы бойынша I орынды «Самға» тобы, II орынды «Қос жұлдыз» тобы, III орынды «Лағыл» тобы, ІІІ орынды «Лашын» тобы, арнайы жүлдені «Қызғалдақ» тобы алды.
Жеке орындау номинациясы бойынша I орынды Қуаныш Дінмұхаммед, II орынды Сындар Оңалбай, III орынды Айсара Асхатқызы, III орынды Айша Дәулет иеленеді. «Арнайы жүлде» Айзере Жеткізгенге, Қанат Қазиханға, Мерейлім Қайырбайға, Бауыржан Рамазанұлына, Ақнұр Тыныштықоваға табысталды.
Ән байқауына қатысқан барлық өнерпаздар Алғыс хатпен марапатталды