Маңғыстауда соғыс ардагерлеріне 5 млн теңге көмек беріледі

Маңғыстауда соғыс ардагерлеріне 5 млн теңге көмек беріледі

Маңғыстау облысында биыл Жеңістің 80 жылдығын Ұлы Отан соғысының екі ардагері қарсы алмақ. 9 мамыр – Жеңіс күні қарсаңында қос ардагерге 5 млн теңге көлемінде біржолғы материалдық көмек көрсетіледі, деп хабарлайды Қоғамдық коммуникация орталығы.

Маңғыстау облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының мәліметінше сонымен қатар, соғыс кезінде жаралану, контузия алу, мертігу немесе ауру салдарынан мүгедек болған және ҰОС ардагерлеріне теңестірілген 100 адам – 60 АЕК мөлшерінде, яғни 235 920 теңге біржолғы қаржылай көмекпен қамтылады.

Бұдан бөлек, ҰОС ардагерлеріне теңестірілген тағы 104 адамға – 50 АЕК яғни, 196 600 теңге мөлшерінде бір реттік әлеуметтік қолдау көрсетілмек.

Айта кетсек, Маңғыстау облысында бүгінде Ұлы Отан соғысының екі ардагері тұрады. Олар Ольга Заривняк пен Василий Салазкин.

Аталған көмек – ел үшін ерен ерлік көрсеткен ардагерлеріміз бен тыл еңбеккерлеріне деген құрмет пен әлеуметтік қолдаудың нақты көрінісі болмақ.