Маңғыстауда қорғаныс істері жөніндегі департамент жаңа автокөліктермен толықты

Маңғыстауда қорғаныс істері жөніндегі департамент жаңа автокөліктермен толықты

Бүгін, 30 сәуір күні, Маңғыстау облыстық қорғаныс істері жөніндегі департаменттің материалдық-техникалық базасы заманауи көлік құралдарымен толықты. Облыс әкімдігінің қолдауымен жергілікті бюджет есебінен сатып алынған 6 бірлік жол талғамайтын «Hyundai Mufasa» маркалы автокөліктің кілті ресми түрде табысталды.

Салтанатты шараға Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай және ҚР Қорғаныс министрлігі Бас штабының Ұйымдастыру-жұмылдыру жұмыстары департаментінің өкілі, полковник Нұрлан Уәли арнайы қатысып, әскери қызметшілердің жұмысына сәттілік тіледі.

Қазақстанда құрастырылған толық жетекті жаңа автокөліктер облыстық департаменттің қала және аудан бөлімшелеріне бөлініп берілді. Бұл көліктер әскерге шақыру науқаны кезінде азаматтарды тасымалдау, зерделеу және жұмылдыру шараларын тиімді ұйымдастыру мақсатында пайдаланылады.

Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі