Оман Сұлтандығында Маңғыстау облысының инвестициялық мүмкіндіктері таныстырылды

Оман Сұлтандығында Маңғыстау облысының инвестициялық мүмкіндіктері таныстырылды

ҚР Инвестициялар комитетінің төрағасы бастаған ресми делегация жұмыс сапарымен Оман Сұлтандығына барды. Делегация құрамында Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Асқар Қаныбеков бар.

Сапар барысында қазақстандық делегация Оман Сұлтандығының Қаржы министрімен кездесті. Кездесуде Маңғыстау облысының инвестициялық әлеуеті мен өңірдің экономикалық даму мүмкіндіктері таныстырылды.

Тараптар ауыл шаруашылығы, жүн өңдеу өнеркәсібі және туризм салаларындағы бірлескен жобаларды талқылап, инвестициялық әріптестікті нығайту жолдарын қарастырды. Сондай-ақ сауда-экономикалық ынтымақтастықты кеңейту жолдары бойынша пікір алмасты.

Бұдан бөлек, делегация мүшелері Оманның жетекші компанияларында болып, олардың жұмыс тәжірибесімен танысты. Кездесу барысында Маңғыстау өңірінің өкілдері омандық инвесторларға бірқатар перспективалы жобаларды ұсынды.