5 сәуір күні теңіз жағалауында өтетін
«Ақтау – Түркі әлемінің мәдени астанасы» жылының ашылу салтанатына арналған шараға ұлттық киіммен келуді сұраймыз.
Түркі халықтарының әр мемлекеттен келетін делегациясы қатысатын шарада қазақтың ұлттық киімін киіп, ел мәртебесін көтеріп, ұлттық болмысымызды ұлықтайық.
Тарихи маңызды шара «Жібек жолы», «Қазақстан», «Хабар 24», «Маңғыстау» телеарнасының тікелей эфирінде көрсетіледі.
Баршаңызды осы ерекше мәдени шарада ұлттық киіммен күтеміз!