Облыс әкімі Нұрдәулет Қилыбайдың тапсырмасымен «Атырау – Ақтау» республикалық тас жолы бойында орналасқан Ман-Ата асуы мобильді байланыспен қамтылды.
Бұл байланыс жол бойындағы жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жедел жәрдем және басқа да қызметтерді жылдам шақыру үшін аса маңызды.
Сонымен қатар, Бекі ауылының тұрғындары мен ауылдағы орта мектепті байланыспен қамту мақсатында «Қазақтелеком» АҚ магистралінен базалық станцияға дейін талшықты-оптикалық байланыс желісі тартылды.
Қазіргі таңда аумақта барлық қажетті инфрақұрылым қалпына келтіріліп, «Кселл» АҚ-ның 4G базалық станциясы орнатылды. Алдағы уақытта Beeline операторының базалық станциясы да орнатылатын болады.
Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі