Ұлыстың ұлы күні — 22 наурызда Ақтауда өтетін «Best Fest Nauryz» ұлттық киім фестиваліне қатысушыларға автобустар тегін болмақ.
Ұлттық киім фестивалін ұйымдастырушы Әсемгүл Адамбайдың айтуынша, фестиваль 22 наурыз күні сағат 9:00-де басталып, 12:00-ге дейін өтеді.
Сондай-ақ қолында браслет белгісі бар барлық фестиваль қатысушысына қала, облыс аумағында қоғамдық автобустар тегін болмақ.