Ақтаудағы ұшақ апаты: Үкіметтік комиссия штаб отырысын өткізді

Ақтаудағы ұшақ апаты: Үкіметтік комиссия штаб отырысын өткізді

Премьер-министрдің орынбасары Төтенше жағдайлар, Ішкі істер, Денсаулық сақтау министрліктері, Азаматтық авиация комитеті өкілдерінің есептерін тыңдады.

Төтенше жағдайды реттеу үшін Қазақстан Үкіметі барлық қажетті шараларды қабылдайды.

Вице-премьер құтқару жұмыстарын жалғастыру, зардап шеккендерге қолдау көрсету және қаза тапқандардың отбасыларына көмек көрсету бойынша тапсырма берді.

Ұшақ апатынан қаза тапқан қазақстандықтардың отбасыларына қаржылай көмек көрсетіледі. Сондай-ақ, Маңғыстау облысына келген қайтыс болған шетелдік азаматтардың жақындарына да қажетті көмек беріледі.