Аңдатпа
«БЖЗҚ» АҚ-да «Ашық есік күні» – зейнетақы жинақтарыңызды инвестициялау мүмкіндіктерін зерделейміз
Халық арасындағы ақпараттық-түсіндіру жұмыстары аясында 2024 жылдың 11 және 13 желтоқсан күндері «БЖЗҚ» АҚ «Ашық есік күнін» өткізеді.
Күннің басты тақырыбы – «ИПБ-лардың инвестициялық стратегиялары. Салымшылар үшін өзекті мәселелерді талқылау».
ИПБ деген не, өз зейнетақы жинақтарыңызды сенімгерлік басқаруға беретін компанияны қалай таңдауға болады, сондай-ақ жинақты сенімгерлік басқаруға аудару қағидалары туралы Қор мамандары мен инвестициялық компаниялардың өкілдері аталмыш іс-шара барысында түсіндіріп береді.
Естеріңізге сала кетейік, «Ашық есік күні» іс-шарасы онлайн-форматта 2024 жылдың 11 және 13 желтоқсан күндері сағат 10:00, 14:00 және 16:00 өтеді.
Іс-шараға қатысу үшін сілтеме https://enpf.webex.com/enpf/j.php?MTID=mb820936192ad4dd336403b8cb0725e04 бойынша өту қажет. Содан кейін event-кеңестің нөмірін 2512 223 4878 және event-кеңестің құпиясөзін 123456 енгізіңіз.
«БЖЗҚ» АҚ «Ашық есік күнінде» өз салымшыларын (алушыларын) және барлық ниет білдірушілерді күтеді!