Наурызнама: Маңғыстауда жыл басы Наурыз ерекше ауқымда тойланып жатыр

Наурызнама: Маңғыстауда жыл басы Наурыз ерекше ауқымда тойланып жатыр

Наурыз мерекесіне орай 22 наурызда Каспий теңізінің бойындағы қалалық жағалауда табиғи киізден жасалған 27 дәстүрлі қазақ киіз үйі тігілді. Өңір басшысы Нұрлан Ноғаев жиналғандардың барлығын көктемгі жаңарудың, бірліктің, достық пен келісімнің символы-Наурыз мерекесімен құттықтады, деп хабарлайды Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Биыл Маңғыстауда ұйымдастырылған "Көрпе Fest - 2024" қолөнершілер фестивалі Наурыз мерекесінің айрықша ерекшелігі болды. Көшпенділер заманынан қазақ халқы әдемі және қолдануға ыңғайлы көрпелерді орындық, төсек-орын мен кілемнің орнына қолданған. Қазір көрген көзді қызықтыратын осындай жұмсақ көрпешелер үлкен сұранысқа ие.

Соңғы бірнеше жылда қолөнердің бұл түрі қайта жанданғандай болды. Наурызды тойлау аясында Ақтау жағалауында құрақ құрайтын 15-ке жуық әйел жиналып, көрпе, жамылғы, жастық сияқты өздерінің ерекше өнімдерін ұсынды.

- "Көрпе Fest-2024" қолданбалы өнер шеберлерін қолдау мақсатында өткізіледі. Соның арқасында қазақ ою-өрнегі ұрпақтан-ұрпаққа дәріптеледі. Көрпе тігу дегеніміз халық арасында құрметке ие қолданбалы өнердің ерекше түрі. Бұл біздің рухани жан-дүниемізбен тікелей байланысты ғасырлар бойғы тарихымызды көрсетеді. Фестивалге қатысушылар өз шеберліктерін одан әрі жетілдіріп, жаңа заманауи өрнектерді пайдалана отырып, халықтың қолөнерін дамытып, халықтың шығармашылығындағы осы өнердің беріктігі мен өшпейтініне ықпал етеді деп сенемін", -деді фестиваль ұйымдастырушысы, Маңғыстау облысының отбасылық-демаграфиялық саясат жөніндегі облыстық комиссиясының мүшесі,облыстық Аналар кеңесінің мүшесі Тілектес Болатбаева.

Амфитеатр сахнасында қала қонақтарына 300 – ден астам адам өнер көрсететін "Науша Наурыз - бақ, ырыстың бастауы" атты театрландырылған қойылым ұсынылды. Жағалауда ат пен түйе мінген шабандоздар және қазақтың тазы тұқымды иттерін жетектеп, бүркіт баулағар бүркітшілердің шеруі өтті.

Наурыз мерекесінде теңіз жағасында түйе жүнінен жасалған "ақ шаңқай" түріндегі 27 киіз үй тігілді, бұл мерекелік атмосфераға ерекше мән берді. Олардың әрқайсысының алдында мерекелік дастархандар жайылып, онда әртүрлі ұлттық тағамдар мен сусындар халыққа ұсынылды.

Өңірдің тұрғындары мен қонақтары үшін ҚР Суретшілер Одағының Маңғыстау облыстық филиалы облыстық суретшілер көрмесін ұйымдастырып, оған 35 қылқалам шебері қатысты. Спорт сүйер қауым үшін қазақша күрес, тоғызқұмалақ және асық атудан жарыстар өтті.

Өңір басшысы Нұрлан Ноғаев облыс тұрғындары мен қонақтарын Наурыз мейрамының басталуымен құттықтап, биылғы жылы мереке жаңа форматқа ие болғанын атап өтті.

- "Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Ұлттық құрылтай отырысында сөйлеген сөзінде тарихи жадымыз бен ұлттық бірегейлігімізді сақтаудың маңыздылығын атап өтті. Біз келесі ұрпағымыз бәсекеге қабілетті, білікті, шынайы патриот болу үшін генетикалық кодымызды өшірмей. келесі ұрпаққа жалғастыруымыз керек. Наурыз мейрамы-бұл көктемнің, еңбек пен қуаныштың мерекесі ғана емес, сонымен қатар бірлік, татулық мерекесі. Нағыз күш-жігеріміз елдің бірлігінде жатыр. Ортақ күш-жігеріміздің арқасында ғана біз өз елімізді одан ары жақсарта аламыз. Бұл мереке бізге жаңа жетістіктерге жету үшін күш пен қуат бергей. Ал әрбір шаңыраққа бейбітшілік, тыныштық пен амандық тілеймін", - деді Нұрлан Ноғаев.

Мерекелік шара ары қарай концертпен және отшашумен жалғасады.