Ардақты ағайын, құрметті жерлестер!

Ардақты ағайын, құрметті жерлестер!

Баршаңызды Ұлыстың ұлы күнімен шын жүректен құттықтаймын! Әз-Наурыз – жаңару мен жаңғырудың, береке мен бірліктің бастауы. Жылдың бұл мезгілі – күн мен түн теңеліп, жер жүзі қайта түлейтін шақ. Сондықтан ата-бабамыз ежелден шуақты көктем мерекесіне айрықша мән берген, оны Ұлыстың ұлы күні деп ұлықтаған.

Биыл Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың тапсырмасы бойынша біз Наурызды ерекше форматта, жаңа элементтерді енгізе отырып тойлаймыз. Енді бүкіл ел болып, халықты бірлікке, ізгілікке, қайырымдылыққа шақыратын «Көрісу күнін» атап өтеміз.

Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Ұлттық құрылтайда сөйлеген сөзінде біздің тарихи кодымыз бен ұлттық бірегейлігімізді сақтаудың маңыздылығын атап өтті.

Біз генетикалық кодымызды келесі ұрпаққа жалғастыруымыз керек, сонда біздің ұрпағымыз бәсекеге қабілетті, білікті, сонымен қатар шынайы патриот болып өседі.

Наурыз -  іргесі сөгілмес бірліктің берекесі, ырысы төгілмес тірліктің мерекесі.  Бабаларымыз «Ынтымақ түбі – игілік, тірлік түбі – бірлік» дегендей, елдің ынтымағы мен жердің берекесі бәрінен қымбат деп санаған.
Ақ босағадан аттаған Ұлыстың Ұлы күні  отбасыңыздың береке бірлігін нығайтып, жүректеріңізді қуаныш пен жылылыққа толтырсын!
 
Қадірменді  ағайын!
Ұлыстың Ұлы күні Қазақстанымызға тыныштығы мен жасампаз жақсылығын ала келсін!

Елдің ырысы мен ынтымағын нығайтып, әр отбасының бақ-берекесін арттырсын.
Егеменді Еліміз қарыштап дамып, жаңара берсін! Бейбіт аспанның астында Тәуелсіздігіміздің Көк байрағы мәңгі желбіресін!

Ұлыс оң болсын! Ақ мол болсын!
Наурыз құтты болсын, ардақты ағайын!
 
Ізгі тілекпен, Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев