Ақтаудағы әлеуметтік жатақхана: Нұрлан Ноғаев жөндеу жұмыстарының барысымен танысты

Ақтаудағы әлеуметтік жатақхана: Нұрлан Ноғаев жөндеу жұмыстарының барысымен танысты

4 желтоқсан өңір басшысы Нұрлан Ноғаев Ақтау қаласын аралау кезінде 35 шағынауданда орналасқан 200 отбасы тұратын жатақханадағы жөндеу жұмыстарының барысымен танысты, деп хабарлайды Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Жатақханада 200-ге жуық отбасы тұрады, тағы 100 адам кезекте тұр. Жөндеу жұмыстарымен «Нұрлы жол» ЖШС айналысуда.

«Қазіргі уақытта біз шатырды ауыстыруды аяқтадық, негізгі инженерлік желілерді жаңарттық, сондай-ақ жаңа ойын алаңын аштық. Қосымша бейнебақылау және өрт дабылы жүйелерін орнату жоспарлануда. Біз сыртқы әрлеу жұмыстары барысында тақталарды арнайы металл конструкциялармен алмастырудамыз. Сондай - ақ қазандықтардың үздіксіз жұмыс істеуі үшін қосымша резервуарлар орнату бойынша жұмыстар көзделуде», - деді «Нұрлы жол» ЖШС өкілі.

Жөндеу жұмыстарының барысын тексергеннен кейін Нұрлан Ноғаев негізгі міндеттердің бірі жұмыстың сапалы әрі уақтылы орындалуы болып табылатынын атап өтті.

«Азаматтардың әл - ауқатын арттыру-мемлекеттің басты міндеттерінің бірі. Мұнда жөндеу жұмыстарын сапалы және уақтылы аяқтаудың маңыздылығын атап өткім келеді. Әлеуметтік жатақхананы жөндеуді белгіленген мерзімде және жоғары сапаны сақтай отырып аяқтау қажет», - деп атап өтті Нұрлан Ноғаев.