Нұрлан Ноғаев: әлеуметтік нысандар салу - мемлекеттің стратегиялық міндеттерінің бірі

Нұрлан Ноғаев: әлеуметтік нысандар салу - мемлекеттің стратегиялық міндеттерінің бірі

12 қазанда өңір басшысы Жаңаөзен қаласындағы Рахат және Кендірлі ауылдарына жұмыс сапарымен барды. Онда Нұрлан Ноғаев жергілікті тұрғындармен кездесу өткізіп, азаматтарды жеке қабылдады, деп хабарлайды Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Рахат ауылының әкімі Райымбек Сырымовтың ақпараты бойынша, ауылда үш орта мектеп, үш жекеменшік бастауыш мектеп, сондай-ақ сегіз балабақша бар. Сонымен қатар, 250 адамға медициналық көмек ұсынатын емхана және 2023 жылы ашылған 50 адамға арналған отбасылық дәрігерлік амбулатория жұмыс істейді. Рахат ауылындағы жалпы халық саны 42 мыңнан астам адамды құрайды.

Ауылда әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту мемлекеттің басым стратегиялық міндеттері болып қала беретінін атап өткен жөн. Өткен жылы осы бағытта айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізіліп, жұмыстар атқарылды. Мысалы, Мерей шағынауданында "Зерде" жаңа жеке бастауыш мектебі ашылды, онда 200-ден астам оқушы білім алады.

2023 жылдың қыркүйегінде ауылда "Жақсы" спорт кешенінің жанында спорт алаңы бой көтерді. Ауылдағы спорттық инфрақұрылымды дамытудағы маңызды қадамдардың бірі- "Ауыл – ел бесігі" республикалық бағдарламасы аясында осы шағын ауданда ангар үлгісіндегі спорт кешенін салу жобасы. Бұл кешен жергілікті тұрғындарға спортпен шұғылдануға және әртүрлі спорт секцияларына қатысуға, салауатты өмір салтын ұстануға мүмкіндік береді.

Өңір басшысы өзінің жұмыс сапары аясында 13 мыңнан астам тұрғыны бар Кендерлі ауылында болды. Аталған ауылда жергілікті тұрғындар үшін білім беру мүмкіндіктерін қамтамасыз ететін екі орта мектеп пен бір балабақша жұмыс істейді.

2021 жылы осы ауылда "Ауыл-ел бесігі" бағдарламасы аясында 300 орындық мәдениет үйі бой көтерді. Онда 17 түрлі шығармашылық үйірме жұмыс істейді және үйірме тәрбиеленушілерінің арасында әлеуметтік аз қамтылған отбасылардан шыққан балаларда тегін қатысуға мүмкіндік бар.

Ағымдағы жылдың соңына дейін тағы да бір мезетте 35 баланы қабылдай алатын спорт кешенін ашу жоспарланған. Жалпы кешен 250-ден астам баланы ондаған спорт секцияларымен қамтуға мүмкіндік береді.

Облыс әкімімен кездесу барысында Рахат және Кендірлі ауылдарының тұрғындары келесідей мәселелерді көтерді:

▪️Ауыл тұрғындарының қауіпсіздігі мен әл-ауқатын қамтамасыз ету мақсатында қаңғыбас иттердің мәселесі;

▪️Кентішілік көшелерде жаяу жүргіншілер жолдары мен автомобиль жолдарының құрылысы;

▪️Медициналық қызметтердің сапасын жетілдіру;

Көтерілген сұрақтардың барлығы тұрғындардың өз ауылдарындағы өмір сапасы және инфрақұрылым жүйесіне бейжай қарамайтынын көрсетеді.

Өз кезегінде өңір басшысы Нұрлан Ноғаев ауыл тұрғындарының өмір сапасын жақсарту басым бағыттардың бірі екенін атап өтті.

- Барлық деңгейдегі кездесулерде біз ауыл өмірін жақсартуға байланысты мәселелерді жиі талқылаймыз. Ауылда әлеуметтік инфрақұрылым белсенді дамып келеді, халыққа арналған әлеуметтік нысандар бой көтеруде. Сіздердің көтеріп отырған мәселелеріңіз маңызды. Оларды елемеуге болмайды. Осы орайда баршаңызды мәселелерді шешу бойынша бірлесіп жұмыс атқаруға шақырамын, - деп атап өтті Нұрлан Ноғаев.

Тұрғындармен кездесу аяқталғаннан соң аймақ басшысы Рахат және Кендерлі ауылдарының азаматтарын жеке қабылдады, онда адамдар жеке сұрақтарын қойып, оларға нақты жауап алуға мүмкіндіктері болды.

Кездесуден кейін Нұрлан Ноғаев Жаңаөзендегі Қазақ газ өңдеу зауытының 50 жылдығына орай ұйымдастырылған мерекелік концертке қатысты. Аймақ басшысы мерекелік шара барысында кәсіпорында ұзақ жылдар бойы адал еңбек еткен қызметкерлерді құттықтады.

Өңір басшысы оларға Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің "Еңбек ардагері" мен "Мұнай-газ саласының еңбек сіңірген қызметкері" төсбелгілерін, сонымен қатар, осы саланың дамуына қосқан үлесі үшін алғыс хаттар табыстады.