Маңғыстауда 2025 жылға дейін 22000 орындық 21 мектеп салынады

Маңғыстауда 2025 жылға дейін 22000 орындық 21 мектеп салынады

Бұл туралы Орталық коммуникациялар орталығында өткен брифинг барысында Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев мәлімдеді.
 
- «Жайлы мектеп» жобасы аясында 2023-2025 жылдарға облыста 22000 орындық 21 мектеп салу жоспарланған. Оның ішінде сегіз мектеп Ақтауда, үшеуі Жаңаөзенде салынады. Сондай - ақ Бейнеу ауданында екі, Маңғыстау ауданында екі, Мұнайлы ауданында алты мектеп салу жоспарланған. Тізімді қалыптастыру кезінде облыстың өзекті мәселелерінің бірі – табиғи туудың жоғары көрсеткіші және ішкі көші-қонның өсуі ескерілді. 2023 жылға 13 мектеп жоспарланса, қазір 10 мектептің құрылысына конкурс жарияланды, - деді облыс әкімі Нұрлан Ноғаев.
 
Сонымен қатар, 2024 жылы 12 900 орындық 13 мектеп, 2025 жылы 9 100 орындық 8 мектеп салу жоспарланған. Мектептер пайдалануға берілгеннен кейін облыста 15 үш ауысымды (3999 орын) мектепте, 2 апатты (1368 орын) мектепте және 34 мектепте (9 991 орын) орын тапшылығы жойылады.