Маңғыстауда литий өндірудің инновациялық технологияларын енгізу перспективалары талқыланды

Маңғыстауда литий өндірудің инновациялық технологияларын енгізу перспективалары талқыланды

Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев экологиялық таза литий өндіруге бағытталған израильдік "XtraLit" компаниясының өкілдерімен кездесу өткізді, - деп хабарлайды Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Израильдік "XtraLit" компаниясының өкілдері мұнай кен орындарындағы қабат суларынан үнемді өндірісті ұйымдастыруға мүмкіндік беретін инновациялық технология әзірлегенін хабарлады.

– Литий өндіру мәселесі әлемде өте өзекті, себебі жасыл революциядағы литий материалдарының көмегімен электроникаға арналған аккумуляторлар өндіріледі. Біз ұсынатын технология өнеркәсіптік сипаттамаларға сәйкес келетін литий карбонатын өндіреді. Технология халықаралық патенттермен қорғалған, бірқатар жобаларда тәжірибелік өнеркәсіптік қондырғылар деңгейінде сыналған. Әдістің бірегейлігі ең жоғары экологиялық тазалықта және қабат суларында төмен концентрацияда литий алу мүмкіндігінде жатыр, - дейді "XtraLit" өкілдері Дмитрий Картвелишвили.

Израильдік компания Маңғыстау облысының мұнай кен орындарында қабат суларынан литий өндіру бойынша бірлескен іс-шаралардың перспективаларын әзірлеуге және талдауға мүдделі.

Аймақ басшысы өңірдің өзара тиімді әрі жемісті ынтымақтастыққа, сондай-ақ кез келген ұсыныстар мен бизнес-идеяларға дайын екенін баса айтты.

– Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес, экономиканың өсуі мен әртараптандырылуының басты факторларының бірі - инвестиция тарту арқылы жаңа өндірістерді құру. Біздің кездесуіміз литий өндірісі саласындағы инновациялық жобаны сәтті орындалуы үшін бірлескен іс-қимылдардың бастамасы болатынына сенімдімін. Маңғыстау облысы инвестициялық әлеуеті зор, еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына зор үлес қосып отырған өңір. Өз тарапымнан біз барлық озық халықаралық бастамаларды қолдауға әрқашан дайын екенімізді атап өткім келеді, – деді Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев.