Маңғыстауда сайлау учаскелерінде дауыс беру аяқталды

Маңғыстауда сайлау учаскелерінде дауыс беру аяқталды

Маңғыстау облысында жергілікті уақыт бойынша сағат 20.00-де ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары мен барлық деңгейдегі мәслихат депуттарын сайлау бойынша дауыс беру аяқталды, деп хабарлайды Қоғамдық коммуникация орталығы.

Өңірде 8 аумақтық, 118 округтік және 247 учаскелік сайлау комиссиялары жұмыс істеді. Маңғыстау облысы бойынша 418 002 сайлаушы тіркелген.

Жергілікті сайлау комиссиясының хабарлауынша, сағат 20:00-дегі жағдай бойынша облыстағы сайлаушылардың келуі алдын ала болжам бойынша 54,08%-ды құрады.

Дауыстарды санау басталды.