Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев мәжіліс пен мәслихаттар сайлауында дауыс берді

Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев мәжіліс пен мәслихаттар сайлауында дауыс берді

Облыс әкімі Мәжіліс пен мәслихаттар депутаттарының сайлауында дауыс берді, - деп хабарлайды Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Нұрлан Ноғаев Ақтау қаласында 14 шағынаудан №1 мектепте орналасқан №31 сайлау учаскесінде дауыс берді.

Аймақ басшысы сайлаудың мемлекет басшысы бастаған саяси реформалар аясындағы маңызды кезең екенін атап өтті.

– Мәжіліс пен мәслихат депутаттығына үміткерлердің сайлау науқанына бәріміз куә болдық. Олар өзінің сайлауалды бағдарламасын ұсынды, онда халықтың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған шаралары көрсетілді. Енді өз таңдауыңызды жасайтын кез келді. Сайлауда белсенділік таныту – мықты ұлттың белгісі. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткендей, сайлау – халықтың қалауы мен ел тағдырына бей-жай қарамайтындығының көрсеткіші. Сондықтан сайлауға қатысу әрқайсымыз үшін өте маңызды. Бұл мықты азаматтық қоғамды дамытуға мүмкіндік береді, - деді Нұрлан Ноғаев.

19 наурызда елде мәжіліс пен мәслихат депутаттарын сайлау басталды. Маңғыстау облысында жергілікті уақыт бойынша таңғы сағат 7-де барлық сайлау учаскесі жұмысын бастады. Облыста 8 аумақтық, 118 округтік және 247 учаскелік сайлау комиссиясы жұмыс істейді.