Тұрғын үй көмегін қалай алады?

Тұрғын үй көмегін қалай алады?

Тұрғын үй көмегі жергілікті бюджет қаражаты есебінен Қазақстан Республикасының аумағындағы жалғыз тұрғынжай ретінде меншік құқығында тұрған тұрғынжайда тұрақты тіркелген отбасыларға (азаматтарға) беріледі.
Маңғыстау облысы бойынша Ақтау қаласы аз қамтылған отбасының (азаматтың) жиынтық табысының 3 пайызы мөлшерінде, ал жалғызілікті зейнеткерлер, барлық топтағы мүгедектігі бар адамдар және ерлі-зайыптылар үшін 1 пайызы мөлшерінде және басқа қала, аудан бойынша 7 пайыз шекті жол берілетін шығыстар үлесі аз қамтылған отбасының (азаматтың) жиынтық кірісінің жеті пайызы мөлшерінде белгіленген.

Тұрғын үй көмегі кімдерге беріледі?
- Аз қамтылған отбасыларға;
- Зейнеткерлерге;
- мүгедектігі бар жандарға;
- көпбалалы аналарға;
- жұмыссыздарға;
- толық емес отбасыларға т.б.
Отбасы (азамат) (не нотариат куәландырған сенімхат бойынша оның өкілі) тұрғын үй көмегін тағайындау үшін «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясына өтініш береді. Тұрғын үй көмегі өтініш берген айдан бастап, табыстар және осы тұрғын үйде отбасы құрамының тіркелуі жөніндегі мәліметтерді тоқсан сайын ұсынумен тоқсандық мерзімге тағайындалады.

Барлық сұрақтармен тұрғылықты жерлері бойынша жұмыспен қамту бөлімдеріне және ЦОН орталықтарына хабарласуға болады.

Ақтау қаласы: 8(72 92) - 30-35-80
Мұнайлы ауданы: 8(72 92) 46-58-75
Бейнеу ауданы: 8(72 932) 2-12-75
Қарақия ауданы: 8(72 937) 21- 48- 9
Маңғыстау ауданы: 8(72 931) 2-12-43
Түпқараған ауданы: 8(72 938) 2-28-48
Жаңаөзен қаласы: 8(72 934) 71-7-90