Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары тағайындалды

Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары тағайындалды

Бүгін, 3 қазанда өңір басшысы Нұрлан Ноғаев облыс активіне ҚР Президенті Әкімшілігімен келісілген өзінің жаңа орынбасарының кандидатурасын
таныстырды. Ол бұған дейін Ақтау қаласының әкімі қызметін атқарған Нұрдәулет Қилыбай.

Нұрдәулет Қилыбай Қазақ көлік және коммуникация академиясын және Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін "Темір жол көлігімен тасымалдауды ұйымдастыру" және "Қаржы және қаржы құқығы" мамандықтары бойынша білім алған.

Еңбек жолын 1999 жылы Атырау тасымалдау бөлімшесінің станциялары бойынша кезекші болып бастаған.

2000 жылдан 2002 жылға дейін - "Астана"станциясының кірме жолдары бойынша жүктерді қабылдап-тапсырушы, аға қабылдап-тапсырушы болды.

2002 жылдан 2005 жылға дейін "Қазақстан Темір Жолы Ұлттық компаниясы" АҚ Магистральдық желі дирекциясының бас маманы, бөлім бастығы қызметін атқарды.

2005 жылдан 2009 жылға дейін - Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Экономика және тарифтік саясат, теміржол көлігі басқармаларының бастығы, Көлік және қатынас жолдары комитеті төрағасының орынбасары болды.

2009 жылдан 2010 жылға дейін - "Вокзал Сервис" АҚ президенті, "Қазақстан Темір Жолы "Ұлттық компаниясы" АҚ Жолаушылар тасымалы жөніндегі басқарушы директоры.

2010 жылдан 2011 жылға дейін Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігі Көлік және қатынас жолдары комитетінің төрағасы.

2011-2012 жылдары - "Қазақстан Темір Жолы "ұлттық компаниясы" АҚ президентінің кеңесшісі, "Қазақстан Темір Жолы "Ұлттық компаниясы" АҚ - "Маңғыстау жол бөлімшесі" филиалының директоры.

2012 жылы Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігінің Көлік және коммуникациялар қатынастар жолдары комитетінің төрағасы болып тағайындалды.

2013 жылдан 2017 жылға дейін - "ҚТЖ "ҰК" АҚ Басқарушы директоры-аппарат басшысы, "Жолаушылар тасымалы" АҚ Басқарма төрағасы.

2017 жылдан 2018 жылға дейін-"Теміржолсу" акционерлік қоғамының президенті, бас директоры - "Теміржолсу"АҚ Басқарма Төрағасы.

2018 жылдан 2020 жылға дейін Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары.

2020 жылдың маусымынан бүгінгі күнге дейін-Ақтау қаласының әкімі.

Нұрлан Ноғаев Маңғыстау облысының әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты жаңа орынбасарға бірқатар нақты тапсырмалар берді.