Ақтауда ҚР Әділет органдарының 30 жылдығына арналған салтанатты жиын өтті

Ақтауда ҚР Әділет органдарының 30 жылдығына арналған салтанатты жиын өтті

30 қыркүйекте өңір басшысы Нұрлан Ноғаевтың қатысуымен әділет органдарының 30 жылдығына арналған салтанатты шара өтті, деп хабарлайды Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Іс-шараға мемлекеттік органдардың басшылары, Маңғыстау облысының құрметті азаматы, 3-ші сайланған ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Қайролла Ережепов, сондай-ақ Ирак Елекеев, Бақтығүл Атағазиева және т. б. Маңғыстау облысының Әділет департаментінің ардагерлері қатысты.

Әділет органдары ұлттық заңдарды қалыптастыруда, қоғам мен мемлекеттің тұрақты және үдемелі дамуын қамтамасыз етуге бағытталған азаматтардың құқықтарын қорғауда маңызы бар заңның үстемдігін қолдайтын билік органы болып табылады.

Өңір басшысы сала мамандарын мерекемен құттықтады.

- Құрметті әділет органдарының қызметкерлері, сала ардагерлері! Сіздерді кәсіби мереке - Қазақстан Республикасы Әділет органдары қызметкерлерінің күнімен құттықтаймын!
Әділет органдарының өз функцияларын сапалы орындауы, халыққа тиімді қызмет көрсету, құқықтың үстемдігін қамтамасыз ету әділет органдары қызметкерлерінің біліктілігі мен күш-жігеріне тікелей байланысты. Әділет органдары әрқашан азаматтардың заңды мүдделері мен бостандықтарын, конституциялық құқықтарын жүзеге асыруға және қорғауға, әділеттілік қағидаттарын бекітуге, заңнаманы жетілдіруге, мемлекеттілікті нығайтуға және дамытуға белсенді түрде жәрдемдесті. Тәуелсіздік тарихының 30 жылында әділет органдары үлкен жетістікке жетті. Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен құттықтаймын, отбасылық амандық, қызметтеріңізге табыс тілеймін, - деді Нұрлан Ноғаев.

30 жылды мерекелеу аясында ҚР Әділет органдарының бірқатар қызметкері салалық медальмен, ҚР Әділет министрі мен облыс әкімінің грамоталарымен және алғыс хаттарымен марапатталды.

Айта кетейік, бүгінгі таңда облыста 141 нотариус, 114 адвокат, 82 жеке сот орындаушысы жұмыс істейді, сондай-ақ 300-ге жуық заң кеңесшісі облыс халқына сапалы құқықтық көмек көрсетеді.