Ақтауда Тұрар Жолдыбаевты еске алуға арналған дзюдодан ашық Азия Кубогы басталды

Ақтауда Тұрар Жолдыбаевты еске алуға арналған дзюдодан ашық Азия Кубогы басталды

13 тамызда Ақтауда аймақ басшысының қатысуымен дзюдодан ерлер мен әйелдер арасында Тұрар Жолдыбаев атындағы Халықаралық Ашық Азия кубогы  дзюдо турнирінің ашылу салтанатты өтті, деп хабарлайды Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Аталған турнир 2009 жылдан бері өткізіліп келеді. Биыл XIII рет өтуде. Бүгінгі додаға Қазақстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Қытай, Гонконг және Моңғолия елдерінен 200-ге жуық татами шеберлері қатысты.

Облыс әкімі Нұрлан Ноғав турнирге қатысушыларды бүгінгі жарыстың басталуымен құттықтап, оларға сәттілік тіледі.

- Құрметті отандастар және қала қонақтары! Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына жолдауында бұқаралық спортты дамытуға ерекше назар аудару, балалар мен жастарды спорт секцияларына тарту бойынша нақты іс-шараларды жандандыру қажеттігін атап өтті. Осыған байланысты өңірде жұмыстар белсенді жүргізілуде. 2021 жылы дене шынықтыру және спортпен облыс халқының 37,4% немесе 274 979 адам қамтылды. Бұл көрсеткішті ұлғайту мақсатында ағымдағы жылы 1500 спорттық іс-шара өткізу жоспарланып отыр. Елімізде дзюдо спорт түрі қарқынды дамып келе жатқаны баршамызға мәлім.
2024 жылы біздің өңірден Олимпиада ойындарына үміткерлер шығатынына сенімдімін. Бүгінгі дода спортшылар мен көрермендерге жарқын көңіл-күй сыйласын. Жеңісті күндеріміздің көп болуына тілектеспін,-деді Нұрлан Ноғаев

Айта кету керек, Маңғыстау облысының спортшылары халықаралық және республикалық жарыстарда жоғары нәтижелер көрсетуде.

Бүгінгі жарыс қорытындысы бойынша жеңімпаздар белгілі болды.

Атап айтсақ, ерлер арасында

60 кг салмақта:
1. Достон Рузиев (Өзбекстан)
2. Дамир Болатбеков (Қазақстан)
3. Фу Хин (Қытай)
3. Шерзод Давлатов (Қазақстан)

66 кг салмақта:
1. Сұңғат Жұбатқан (Қазақстан)
2. Абубакр Шеров (Тәжікстан)
3. Азамат Ғалымов (Қазақстан )
3. Болат Біләл (Қазақстан)

73 кг салмақта:
1. Асхат Нарқұлов (Қазақстан)
2. Барыс Қуан (Қазақстан)
3. Жуа Джин Лонг (Қытай)
3. Дархан Қойбағар (Қазақстан)

Әйелдер аоасында:

48 кг салмақта:
1.Тинг Луи (Қытай)
2. Зонгуинг Гуо (Қытай)
3. Ғалия Тынбаева (Қазақстан)
3.Жанерке Асқарова (Қазақстан)

52 кг салмақта:
1. Лиу Липинг (Қытай)
2. Лиу Бен (Қытай)
3. Зухрахон Мамуржанова (Өзбекстан)
3. Шук Ки Цуи (Гонконг)

57 кг салмақта:
1. Хуанхи Лин (Қытай)
2. Кай Ки (Қытай)
3. Джао Ли (Қытай)
3. Бақыт Құсақбаева (Қазақстан)

63 кг салмақта:
1. Луи Хан (Қытай)
2. Ленг По Сун (Гонконг)
3. Тан Джин (Қытай) жеңіске жетті.