Маңғыстауда мемлекеттік қызметшілердің тең жартысы нәзік жандылар

Маңғыстауда мемлекеттік қызметшілердің тең жартысы нәзік жандылар

Бүгін, 23 маусым күні облыс әкімі Нұрлан Ноғаевтың қатысуымен мемлекеттік қызметші күніне арналған салтанатты шара өтті, деп хабарлайды Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Мемлекеттік қызмет –жауапты міндет, халық аманаты. Сондықтан бүгінгі шарада биыл алғаш рет мемлекеттік қызметші атанғандар салтанатты түрде ант қабылдады.

Аймақ басшысы мемлекеттік қызметшілерді атаулы мерекемен құттықтап, ант қабылдағандарға қызметтік куәліктерін табыстады.

-Құрметті әріптестер! Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – Мемлекеттік қызметшілер күнімен құттықтаймын! Мемлекеттік қызмет атқару – қоғам мен мемлекет тарапынан ерекше сенімнің белгісі. Кез келген қоғам мемлекеттік қызметшілерсіз жүйелі жұмыс жүргізе алмасы анық. Бұқараның билікке деген сенімі және еліміздің қарқынды дамуы сіздердің білікті білімдеріңізге, мол тәжірибелеріңізге, ұмтылыстар мен жiгерлеріңізге тікелей байланысты. Тұрғындардың әл-ауқатын арттыру және олардың болашағын жақсартуға бағытталған мемлекеттік бағдарламалардың жүзеге асуы үшін жауапкершілік мемлекеттік қызметшілерге артылады. «Мемлекеттік қызметшінің оң беделін қалыптастыру үрдісі атқарушы биліктің имидждік саясатымен тығыз байланысты»,-деп мемлекет басшысы айтып өткендей, мемлекеттік қызметші болу – зор құрмет, әрі үлкен жауапкершілік. Елге қызмет ету – біздің парызымыз!
Шын жүректен сіздерге зор денсаулық, жанұяларыңызға жақсылық, халыққа қызмет ету жолындағы адал еңбектеріңізге сәттілік тілеймін!,-деді Нұрлан Ноғаев.

Облысымызда 2551 мемлекеттік қызметші бар. Оның 57,9%-ы, яғни, 1652-сі нәзік жандылар.

Салтанатты шара концерттік бағдарламамен жалғасын тапты.