Нұрлан Ноғаев қала, аудан әкімдеріне қаңғыбас иттер мен мысықтарға арналған панажай салу мәселесін тез арада шешуді тапсырды.

Нұрлан Ноғаев қала, аудан әкімдеріне қаңғыбас иттер мен мысықтарға арналған панажай салу мәселесін тез арада шешуді тапсырды.

21 маусым күні облыс әкімі Нұрлан Ноғаевтың қатысуымен өткен аппарат жиынында қаңғыбас иттер мен мысықтарға арналған панажай салу мәселесі көтерілді, деп хабарлайды Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі.

2021 жылы облыс аумағында 12 514 бас қаңғыбас ит пен мысық ауланған.

Ауылшаруашылығы басқармасының басшысы Қазбек Тәшімовтың айтуынша
Қазақстан Республикасы 2022 жылдың 2 наурызынан бастап «Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы» Заңы күшіне енгеннен кейін облыс көлемінде күн тәрітібінде тұрған бірден-бір мәселе - осы қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау болып отыр.

Себебі, жаңа заң талабы бойынша, қаңғыбас үй жануарларын залал келтірмей (өлтірмей, мертіктірмей), аулап, ұстап, арнайы панажайларға тапсыру міндеттелген. Алайда, облыста қаңғыбас үй жануарларын ұстайтын мемлекеттік және жеке панажай жоқ.

Сондықтан жаңа заң талабына байланысты, 02.03.2022ж. күнінен бастап, облыс аумағында жоспарлы ит-мысықтарды жаппай аулау-жою жұмыстары тоқтатылған.

Дегенмен аталған заңның 15 бабының 1 тармағының 4 тармақшасын «жануарлар адамға, жануарларға шабуыл жасаған жағдайда немесе саулығына, сондай-ақ қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікке қатер төндіретін өзге де жағдайларда» басшылыққа алып, келіп түскен өтініш, арыз-шағымдар бойынша қаңғыбас иттерді аулау және жою жұмыстары жүргізілуде.

Жыл басынан бері тұрғындардан түскен арыз – шағымдар бойынша 643 қаңғыбас ит, мысық ауланған.

Осы мәселе бойынша аймақ басшысы Нұрлан Ноғаев қала, аудан әкімдеріне тез арада панажайлар мәселесін шешуді және қажет болған жағдайда еріктілер мен жеке инвесторларды тартуды тапсырды

Маңғыстау облысының тұрғындары аталған жануарлар адамға, жануарларға шабуыл жасаған жағдайда немесе саулығына, сондай-ақ қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікке қатер төндіретін өзге де жағдайларда ауылдық округ әкімдіктеріне және келесі байланыс телефондарына хабарласып, шағымдана алады.

Ақтау қаласы: 8(7292) 50-40-41
Жаңаөзен қаласы: 8(72934) 72-5-56
Бейнеу ауданы: 8(72932) 2-25-80
Қарақия ауданы: 8(72937) 2-10-21
Маңғыстау ауданы: 8(72931) 2-16-18
Мұнайлы ауданы: 8(7292) 30-40-28
Түпқараған ауданы: 8(72938) 2-21-28