Маңғыстау облысы бойынша өтініштерді «109» бірыңғай байланыс орталығы қабылдайтын болады

Маңғыстау облысы бойынша өтініштерді «109» бірыңғай байланыс орталығы қабылдайтын болады

«109» бірыңғай байланыс орталығы – мемлекеттік органдар мен коммуналдық кәсіпорындардың байланыс орталықтарын біріктіретін және 24/7 тәртібінде жұмыс жасайтын жалғыз орталық.

Орталыққа келіп түскен барлық өтініштер өңделіп, одан әрі шешілу үшін мемлекеттік органдар мен коммуналдық кәсіпорындарға жолданады.

Тұрғындар «109» бірыңғай байланыс қызметіне келесі мәселелер бойынша хабарласа алады: жылу, энергия, су, кәріз жүйелері, қатты тұрмыстық қалдықтар, лифт, ПИК/МИБ жұмысы, көшелерді жарықтандыру, қалалық жол инфрақұрылымдары, қаланы, аула аумағын абаттандыру, ашық құдықтар және көгалдандыру жұмыстары.

- «109» бірыңғай байланыс орталығы 2021 жылдың 27 шілдесінде өз жұмысын бастады. Облыс тұрғындарын көбінесе коммуналдық мәселелерге байланысты сұрақтар мазалайды. Алайда, сұрақтары бойынша қай мекемеге жүгінерін білмейді. Білген күннің өзінде дер кезінде жауап ала алмайды. Қалада бірнеше мемлекеттік органдар, коммуналдық қызметтер бар, олардың әрқайсысында алты таңбалы қалалық нөмірлер және олар әрдайым қол жетімсіз. Сонымен қатар оларға ұялы телефоннан қоңырау шалу да ыңғайсыз. Осыған орай қала тұрғындарының коммуналдық мәселелерін оңтайлы және жылдам қарастыру мақсатында «109» бірыңғай байланыс орталығы құрылды,-дейді аталған орталықтың жетекшісі Нұргүл Жеткізгенова.

109 байланыс орталығына хабарласудың бірнеше жолы бар: Facebook (https://www.facebook.com/aktau109.kz/) және Instagram (https://instagram.com/aktau109.kz?igshid=YmMyMTA2M2Y=) әлеуметтік желілері арқылы, сонымен қатар телеграм бот (https://t.me/Aktau109kz) , орталық сайт (http://aktau109.kz) , «109» қысқа нөмір арқылы, сондай-ақ 8 701 01 29 109 WhatsApp нөміріне хабарлама жіберуге болады.

Орталыққа келіп түскен әрбір өтініш жүйеге тіркеледі және тіркелген өтініштерді жүйеден жою мүмкін емес. Өтініштерді тұрғын оның мәселесі шешілгенін растағаннан кейін ғана жабуға болады.

Сондай-ақ, облыстағы тұрғындарға ыңғайлы болу мақсатында Telegram қосымшасында (https://t.me/mangystauakimat) «Маңғыстау облысының әкімдігі» чат арнасы жұмыс істейді. Ол арқылы да дер кезінде сұрақтарыңызға жауап ала аласыз. Бүгінгі таңда чат арнасын 9500 мыңнан астам адам пайдаланады.