Маңғыстауда жыл басынан бері 247,7 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді

Маңғыстауда жыл басынан бері 247,7 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді

Жыл басынан бері Маңғыстау облысында 247,7 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Бұл туралы облыстық Қоғамдық коммуникация орталығында өткен брифингте Маңғыстау облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқарма басшысының міндетін атқарушы Айнұр Манкешова хабарлады.

Спикердің айтуынша, қазіргі таңда өңірде бірнеше үйдің құрылысы жүріп жатыр. Түпқараған ауданы Форт-Шевченко қаласында 72 пәтерге арналған 3,9 мың шаршы метрді құрайтын тұрғын үй құрылысы ағымдағы жылдың 3 тоқсанында тапсыру жоспарлануда.

-Ағымдағы жылдың қорытындысы бойынша 1 млн. 50 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріледі деп жоспарлануда. Атап айтсақ, мемлекеттік тапсырыс бойынша 45 000 шаршы метр, коммерциялық тұрғын үйлер 602 000 шаршы метр, жеке тұрғын үйлер 403 000 шаршы метр болмақ. Несиелік тұрғын үй бағыты бойынша 1035 пәтерге арналған 65,3 мың шаршы метрді құрайтын тұрғын үй құрылысы жоспарланған. Оның ішінде, 2022 жылы қаражат толығымен қарастырылған жағдайда 819 пәтерді (50,4 мың шаршы метр) аяқтау жоспарлануда және жобаның ЖСҚ өзгерістер енгізілуіне байланысты 216 пәтерге арналған тұрғын үй құрылысы 2023 жылға өтпелі. Жалпы, Ақтау қаласының 19а шағынауданындағы 432 пәтерлік тұрғын үйлер құрылысы жүріп жатыр. 22,434 мың шаршы метрді құрайды, - деді Айнұр Манкешова.

Сондай-ақ, «АҚҚУ» шағынауданының 3-кезегі салынып жатыр. 227 пәтерлік тұрғын үй құрылысы 17,056 мың шаршы метрді құрайды. Жаңаөзен қаласында 160 пәтерлік 5 қабатты тұрғын үй салынуда. Ақтау қаласының 18-ші ықшам ауданында 216 пәтерлік 9 қабатты 4 тұрғын үй құрылысы жүріп жатыр. Жобаның ЖСҚ өзгерістер енгізілуіне байланысты 2023 жылға өтпелі.

Бұдан бөлек, басқарма өкілі инженерлік желілер бойынша атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды. Спикердің айтуынша, ағымдағы жылы инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым құрылысына орталық мемлекеттік органдармен 16 жобаның іске асырылуы мақұлданып, 10 жоба бойынша мердігер мекемелер анықталып құрылыс монтаждау жұмыстары (СМР) жүргізілуде.

-Мұнайлы ауданы Баянды ауылындағы жаңа тұрғын үйлерді электр желісімен қамту құрылысы; Мұнайлы ауданының Батыр ауылдық округінде жаңадан салынып жатқан тұрғын үйлер үшін газбен жабдықтау желілерін салу, Маңғыстау облысы, Түпқараған ауданы, Шапағатов ауылында жаңа тұрғын үйлерді газбен жабдықтау құрылысы (973 уч.), Ақшұқыр аулының тұрғын үйлеріне электр желісін (1241 телім) құрылысын жүргізу жұмыстары; Маңғыстау ауданы Қызан ауылынан тоқ және газ желілерінің құрылысы; Ақшұқұр ауылы, Кезбаев, Қазиев, Бекжанова, Әбілқайыр көшелеріне 1, 2, 5 кварталдарын газ желісімен қамту құрылысы бар,-деді Айнұр Манкешова.